Хоккей: «Барыс» «Трактордан» жеңіліп қалды

497

Елордалық «Барыс» өз айдынында Челябінің «Трактор» клубын қабылдады.

Бұған дейін «Барыс» жеті ойын қатарынан жеңіске жетіп, турнир кестесінде 7-орынға көтерілген еді. Ал «Трактор» 21 ұпаймен 19 орында болған.

Кездесуде әдеттегідей «Барыс» қарқынды қимылымен көзге түсті. Есепті алғаш болып айдын иелері ашты. Небәрі 2-минутта Антон Сагадеев қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Есеп 1:0. Арада көп ұзамай «Трактор» таразы басын теңестірді. Бұл гол «Трактордағы» Йонас Энлундтің еншісіне жазылды. Ол аталмыш голды 6-минутта соқты. Бірінші кезең осы есеппен аяқталды.

Екінші кезеңде қос команда тарапынан шабуылға көбірек көңіл бөлді. Десе де олардың көбісі діттеген мақсатына жеткен жоқ.  Аталмыш кезеңде небәрі бір ғана гол соғылды. Бұл жолы «Трактор» мергендік танытты. Голды 27-минутта Антон Глинкин соқты. Соңғы кезеңде «Трактор» есепті 3:1-ге жеткізді. Бұл жолы Александр Рыбаков голдың авторы атанды.

Соңғы 1 минутта айдын иелері мықтылық танытты. Ойынның 59-минутында Даррен Диц шайба соқса, арада 21-секунд өткенде Патрис Кормье таразы басын теңестірді. Есеп 3:3. Ойын овертаймға ұласты.Жеңіс шайбасын 64-минутта «Трактор» енгізді. Олардың сапынан Александр Шаров мергендік көрсетті.

Бұдан бұрын «Барыс» өз айдынында Минскінің «Динамо» командасын 3:1,Подольскінің «Витязін» 3:1, Новосібірдің «Сибирь» клубын 5:2,  Владивостоктың «Адмиралын» 2:0 https://www.inform.kz/kz/khl-barys-katarynan-zhetinshi-ret-zheniske-zhetti_a3441432 есебімен жеңді. «Барыстың» енді үш кездесуі сырт айдындаболады. Атап айтқанда, 3 қарашада Минскінің «Динамо» (Беларусь), 5 қарашадаБратиславаның «Слован» (Словакия), 12 қарашада Новосібірдің «Сибирь» (Ресей)клубтарымен кездеседі.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.