Келер жылы облыста 1 965 пәтерлі 28 үй салынады

365

Келер жылы облыста тұрғын үй құрылысының көлемі 465 мың шаршы метрді құрайды деп жоспарланып отыр. Бұл биылғы жылдың жоспарымен салыстырғанда 8 пайызға артық.

Аталмыш жоспарға сәйкес, бюджет есебінен 1 965 пәтерлі 28 көппәтерлі тұрғын үйлердің (114 369 м2) және 6 жаңа алқапқа қажетті инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар. Аталған үйлердің 20-сы кредиттік үй (1 380 пәтер), 8-і арендалық үй (585 пәтер) болады.

Жоспар аясында биылғы жылға 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй құрылысын бастау үшін бағалы қағаздар есебінен қосымша 725 млн. теңге бөлінді.

Дереккөз: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.