ҚАЖ қызметкерлері мұражайға барды

222

Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жас қызметкерлері облыстық Полиция департаментіндегі мұражайға экскурсия жасап, бейбіт күннің батыры Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігімен танысып, қапияда қаза тапқандарды еске алды.

Мұражай қызметкерлері келушілерді жылы шыраймен қарсы алып, Ғазиз Байтасовтың көне шаһарды жихад «жауынгерінен» қалай қорғап қалғанын түсіндіріп, мол мағұлмат берді. Ел тыныштығы үшін лаңкестің қолынан қаза тапқандардың ерлігінен ерекше әсер алған жастар антына адал болған полицейдің даңқын дәріптеп, ерлігін ұлтқа ұран, ұрпаққа үлгі етіп жүрген мұражай қызметкерлеріне алғыстарын айтты.

Айта кетейік, осыдан 10 жыл бұрын қарашадағы қанды оқиға Жамбыл жұртшылығын ғана емес, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген еді. Тараз көшелерінде бейбіт елдің тыныштығын бұзып, оқ атқан лаңкесті құрықтауда полиция капитаны Ғазиз Байтасов ерлікпен қаза тапты.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.