«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі»

373

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Дарынды және шығармашыл жастарды қолдау және дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы щеңберінде «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты М.Мақатаевтың оқулары ұйымдастырылды. Өңірдегі эпидемиялогиялық шектеулерге байланысты байқау онлайн форматта өткізілді. М.Мақатаев оқуларына қатысушылар ережеге сәйкес өз өлеңдерін камера алдында оқып, сақталған үлгісін ұйымдастырушылардың электронды поштсына жолдау арқылы қатысты. Ұйымдастырушы тараппен бекітілген арнайы сарапшы топ өкілдері үздіктерді анықтаған болатын. Видеотүсірілімде ұйымдастырушылар алқасымен видео эффекттер мен әуендер қосуға рұқсат етілген болатын. Сарапшы топтың шешіміне сәйкес М.Мақатаев оқуларында 1 орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Ақылбекова Аяжан жеңіп алды. Ал жүлделі екінші орынды Аязбаева Айгерім жеңіп алса, жүлделі үшінші орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Абылай Айгерім қанағат тұтты. Жеңімпаздар Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының «Coworking» орталығына шақырылып марапаттары табысталды. Байқауға қатысушы 50 жастың ішінен оқ бойы озып шыққан 3 жас келесі байқауларғада міндетті түрде қатысатындықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.