KASE: Доллар бағамы төмендеп келеді

453

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 348,48 теңгені құрады.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 0,41 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 348,1 теңге, ал ең жоғарысы — 348,95 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 32,35 млн долларға жетті.

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 348,89 теңге, күндізгі сессияда 348,68 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 348,8 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 75,95 млн долларды құраған.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 349,81 теңгеден 348,89 теңгеге дейін — 0,92 теңгеге төмендеген болатын.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.