Израильде жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысып, 6 адам мерт болды

414

Израильде жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысып, 6 адам мерт болды, тағы 5 адам жарақат алды.

The Jerusalem Post басылымының хабарлауынша, көлік апаты 4 қараша, жексенбі күні таң ата Өлі теңіз маңындағы Иордан алқабында болған.

Басылымның жазуынша, жүк көлігі шағын автобуспен соқтығысқан. Алайда әзірге көлік апаты бойынша ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Құтқарушыларға жүк көлігіне кептеліп қалған адамдарды арнайы құрылғының көмегімен алуға тура келді. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға арнайы тікұшақпен жеткізілді. Жарақаттанғандардың бірінің жағдайын дәрігерлер өте күрделі деп бағалап отыр.

Жүк көлігінің жүргізушісі ем-домды қажет етпеді. Медицина мамандары оны тексеріп болған соң полиция жүргізушіні қамауға алды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.