Имамдар біліктілігін арттырды

684

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының басты міндеттерін іске асыру және «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыт-бағдарларын насихаттау» мақсатында Байзақ ауданының «Байзақ баба» мешітінде жиын ұйымдастырылды.

Алқалы жиынды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Дін сектор меңгерушісі Сәуле Арғынбаева ашып,  діннің  қоғамда алатын орнына тоқтала келе, ұлттық сананы жаңғырту, салт пен дәстүрді сақтаудың өзектілігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын жеке-жеке түсіндірді. Бұдан кейін Жамбыл облысы әкімдігі «Оңалту орталығы» КММ-нің аудан бойынша инспекторы Қадірәлі Сарыпбек  «Деструктивті діни бағыттарын айқындау және оңалту» тақырыбында терең мағыналы баяндама жасады.

Баяндамашы дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмысы мен елімізде тыйым салынған деструктивті ағымдардан кеңірек ақпарат берді.

Өсіп келе жатқан жастарды жат ағымдардан сақтандыру үшін дұрыс ақпарат берудің маңыздылығын жеткізді.

Сонымен қатар, ол «Қазақстан-2030» Стра­тегиясына сай, біздің мемле­кеті­міздің ең бірінші басымдығы – ұлттық қауіпсіздік болса, екінші басымдық – саяси тұрақ­ты­лық пен қоғамдық келісім екендігін жеткізді. Мемлекет басшысының биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жол­да­уында «Діни экстремизмді насихат­таудың алдын алу, қоғам­да ради­калды көзқарасқа байла­нысты кез-келген әрекетке мүлде төзбеу­шілікті қалыптастыру ке­ректігі» туралы айтқан сөзіне екпін сала отырып, ел бірлігін сақтау, тәуелсіздікті тұғырлы етудің міндет екендігін айтып, ойымен бөлісті.

Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған жиында  туындаған сауалдарға тұщымды жауаптар беріліп, ұсыныстар қабылданды.

Айбала ТІЛЕУХАНОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.