«Ғажайыпқа толы Жамбыл жері» атты сурет көрмесі

190

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Дарынды және шығармашыл жастарды қолдау және дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы щеңберінде «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы қабырғасында «Ғажайыпқа толы Жамбыл жері» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрме туралы алдын ала инстаграм әлеуметтік желілері арқылы сурет көрмесі өтетіндігі және суретшілер мен өзгеде жастардың суреттері жинақталатындығы жайында алдын ала афишалар жарияланған болатын. Афишалардың нәтижесінде суретшілер мен белсендіжастар өздерінің Жамбыл облысында орналасқан көрікті ғимараттар мен облысымыздың көрікті жерлерін салған суреттерін whatsapp әлеуметтік желісі арқылы, ал кей бірі электронды пошта арқылы жолдап жатты. Салынған суреттер арнайы мальберттерге ілініп көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қала жастары, волонтерлар және зиялы қауым өкілдері шақырылды. Сурет көрменің мақсаты қала аумағындағы талантты жастардың салған суреттерін жинақтау және жариялау, жас суретшілерді танымалдылыққа жетелеу және шабыттарын шыңдау.   Көрме соңында үздік сурет анықталып, сурет авторына ізгі тілектер жазылған алғыс хат табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.