Еңбек ептілікті сүйеді

122

Еңбек терапиясы – сотталғандарды тәрбиелеудің бір формасы болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс түрлерін игеру, үйрету және қол өнерлерін дамыту бағытында жұмыстар көп жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/2 мекемесінің өндіріс аумағында наубайхана, тігін цехы, ағаш өңдеу цыхы және де қазандық жұмыс жасауда. Аталған жұмыс орындарында 139 сотталған жұмыспен қамтылған.

Соңғы екі жыл ішінде түзеу мекемелерінің ішкі аумағында сенімгерлік басқарумен орта және кіші бизнес иегерлерін шақырып, жаңа жұмыс орындарын ащу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы сенімгерлік басқарумен жұмыс жасап жатқан ЖК «Уристембеков» және де ЖК «Бағым» қол өнер бұйымдарын, ат жабуларын, қазақи нақыштағы кәде сыйлар дайындау және өзге де бұйымдарды жасау бойынша жұмыс орындарын ашып, 22 сотталғанды жұмыспен қамтуда.

«Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет» демекші, 2019 жылдың 6 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 74 жыл толуына орай көрме өткізілді. Көрмеге Жамбыл облыс бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар да белсене ат салысып, қатысты. Аталған көрмеге көпті көріп, еңбектері елеңген ардагерлерге құрмет ретінде өз қолдарымен жасалған бұйымдарды тару-сый ретінде жолдады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/2 мекемесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.