Ең төменгі жалақыны өсіру үшін облыс бюджеті қайта қаралады – А. Мырзахметов

479

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 101 мыңға жуық қызметкер үшін ең төменгі жалақыны 28284 теңгеден 42426 теңгеге дейін өсіру үшін облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстары қайта қаралатын болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіруге арналған облыс активімен өтіп жатқан жиында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Сонымен қатар, баяндамасы барысында Асқар Исабекұлы кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

– «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуын ескере отырып, келесі жылға осы мақсатта жоспарланған 1,2 млрд. теңгені кемінде 2 есеге ұлғайту қажет. Бұл жаңадан ашылатын кәсіпкерлік пен кәсібін кеңейтетін бизнестің үлесін 30%-ға арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, – деді А. Мырзахметов өз сөзінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.