Дүниежүзілік медицина қызметкерлер күніне орай шара өтті

560

Маусым айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік медицина қызметкерлер күні атап өтіледі. Осы жылы Дүниежүзілік медицина күні 16 маусымына түсіп отыр. Осы мереке күніне арнап дәстүрлі түрде Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесі басшылығы тарапынан мекеменің медицина бөлімі қызметкерлерін құтықтап бірнеше дәрігерлер мен медициналық бикелер марапатталды. Сонымен қатар, ЖД-158/2 мекемесінің медицина бөлімінде көп жылдар жұмыс атқаратын және қызметтерінде үлкен жетістіктерге жеткендері үшін келесі медициналық бикелер: Бекбергенова Лаззат Шарифхановна, Мальцева Татьяна Викторовна Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы бұйрығына сәйкес алғыс хатпен марапатталса, провизор Сметова Кулайша Есмұратқызы грамотамен марапатталды. Өз алғыстарын осы мекемеде жазасын өтеп отырған сотталушы азаматар тарапынанда білдіріді. Бұның барлығы жазасын өтеушілер қандайда бір қылмыс түрін жасағанына қарамастан, осы мекеменің медициналық қызметкерлер оларға жазасын өтеуші емес, науқас реттінде қарап, олардың денсаулықтарына аландаушылықпен қарауына байланысты сотталушы азаматтар жақсы жағынан ниеттерін білдіруде. Үлкен тәжірбиесі бар терапевт дәрігер Загородний Александр Александрович биыл қантар айында 70 жасқа толып, осы салада қызметін одан әрі жалғастыруда және жас мамандар осы дәрігерден алатын тәжірбиесі өте мол.

ЖД-158/2 мекемесінің медицина бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.