Даңқты шопанның бюсті ашылды

381

Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылында Әлтай Төлепбергенов мектебінің жанында атақты шопан Әлтай Төлепбергенұлына арналған бюсттің ашылу салтанаты болды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов, аудандық мəслихат хатшысы Бақытжан Қалымбетов, Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген Қайраткері Асылхан Шүңіреков, аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев, Ә.Төлепбергенұлының жұбайы, батыр ана Төлеукүл апа, ұл қыздары және замандастары мен ауыл тұрғындары жиналды.
Жиында алдымен аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов сөз сөйлеп, атақты шопанның өмір жолы, ауданға сіңірген еңбегі жайлы баяндады. Ескерткіштің қойылу мақсаты- өскелең ұрпаққа өнеге, патриоттық тәрбие беру болып саналды.
Содан соң Аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов және Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген Қайраткері Асылхан Шүңіреков ескерткішті салтанатты түрде ашты. Содан кейін жиналған қауым ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, Әлтай Төлепбергенов мектебіндегі атақты шопанға арнап жасалған музейдегі қойылған жәдігерлермен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.