Бірлесе жұмыс істеу нәтижелі болмақ

108

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында сондай-ақ әлеуметтік желілерде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға қатысты заңсыз азаптау және қатыгездік қарым-қатынас фактілері орын алып жатқандығы туралы ақпараттар жариялануда. Алайда, түзеу мекемелерінде сотталғандардың мүддесіне қатысты орын алған азаптау жөніндегі бірқатар мәлімдемелер өз дәлелін таппаған.

Осыған байланысты, жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде арнайы жиын өтті. Басқосуға департамент бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов, департаменттің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы тобының бас маманы Айгүл Танашева, облыс прокурорының аға көмекшісі Ғалым Қонақбаев, облыстық прокуратураның 5-ші басқармасының прокуроры Мақсат Жетігенов және өңірлік ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Гусейнали Насиров, облыс бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының басшысы Дмитрий Халидов сондай-ақ түзеу мекемелері бастықтарының орынбасарлары қатысты.

Жиын барысында сотталғандардың ұстау жағдайларына, оларға көрсетілетін медициналық қызметке назар аудару жайы сөз болды. Бұдан бөлек, түзеу мекемелеріндегі ас мәзіріне, сотталғандарға берілетін ас-ауқаттың сапасына байланысты сұрақтар талқыға түсті. Департамент бастығының орынбасары Қанат Шамарданұлы сотталған азамат мекеме тәртібіне бағынбаса, ол тек заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын баса айтты.

–. Өңірлік ұлттық алдын алу тетігінің және облыс бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының басшыларына бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болатынын жеткізгіміз келеді. Ал егер, жазасын өтеуші мекеме тәртібіне бағынбаса, оған тек заң аясында ғана шара қолданылады. Ал, сотталғандардың ұсталу жағдайымен олардың құқықтарының аяқ асты болмауы қатаң бақылауда, – деді Қ.Жарылғапов.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.