Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

523

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

Бақытжан Әбдірұлы сапарын Тараз қаласындағы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің  жұмысымен танысудан бастады.

Сүт өнімдерін шығарумен айналысатын 2007 жылы құрылған кәсіпорын  ағымдағы жылы қайта кеңейтіліп құрылып, модернизацияланған.  Италияның «FRAU IMPLANTI» компаниясының жаңа үлгідегі автоматтандырылған желідегі құрал-жабдықтарымен жасақталған. Жоба құны – 1,6  млрд. теңге. Кәсіпорын жетекшісі Әбдіғали Бегімбетов  тәулігіне 80 тонна сүт өңдеуге қауқарлы екендіктерін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.