Ауданға 1 мың бетперде әкелінді

203

Аты жаман​ індеттің алдын алуға байланысты шаралар Мойынқұм ауданында да қатаң қолға алынған. Бұл үшін блок-бекеттер қойылып, ауданға келген-кеткендер бақылауға алынды. Көшелер мен мекемелер, қоғамдық орындар залалсыздандырылуда. Азаматтардың үйден шықпауы, топталып жүрмеуі, тазалық сақтауы қайта-қайта ескертілуде.

Тағы бір аса қажетті нәрсе бетперде болып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев айтқандай дамыған елдердің өзі халқын түгел бетпердемен қамтамасыз ете алмай отырғаны аян. Соған қарамастан аудан әкімі Мәден Мұсаев ауданда 19 жерден бетперде тігуді ұйымдастырды. Оның бағасы бақылауда.

Міне мұның өзі тығырықтан шығара алмаған соң аудан басшысы М.Мұсаев өткен аптаның соңғы күндері тиісті орындарға шығып, ауданға 10000 дана бетперде алдырды. Ал мұның өзі аздық ететіні белгілі.

– Әкелінген бетперделердің 2500 данасы аудан орталығындағы халық көп баратын «Ақылбеков», «Қожахмет», «Бірлік» супермаркеттері, Гүлмира Жұмалиева мен Серғазы Қылышбаевтардың дәріханаларына қойылып 50 теңгеден сатылуда. Оны кез келген аудан тұрғыны сатып алуға болады. Ал ауданның басқа ауылдарына халықтың санына қарай тиісінше бөлініп берілді. Ауылдарда да бетперде 50 теңгеден сатылады. Оны ауыл, ауылдық округ әкімдері қадағалайтын болады,- дейді аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубеков.

Ауданда демеушілік жасап, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға бетпердені тегін таратып жатқан қолы ашық кәсіпкерлерде аз емес. Сондай- ақ өздері еңбек ететін ұжым мүшелеріне бетпердені тегін тігіп беріп жатқандарда бар. Ал мұндай игілікті істер алдағы уақыттарда да жалғасын таба беретініне сенеміз.​

Leave A Reply

Your email address will not be published.