Атырауда дін саласы мамандарының біліктілігін арттыру курстары өтуде

836

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің тапсырысы бойынша Атырау қаласында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы теологтар мен басқа да мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру (Атырау қаласында)» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Курс 2018 жылдың 21 қараша – 8 желтоқсан аралығында өткізілуде. Курсқа Атырау облысы, БҚО, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан 30 діни қызметшілері қатысуда.

Курс мақсаты – деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ықпалына ұшыраған тұлғаларды дерадикаландыру және оларды райынан қайтару және алдын алумен айналысатын теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандарды даярлау болып табылады.

Курс барысында арнайы дайындалып, бекітілген бағдарлама бойынша дінтану саласының білікті мамандары, «Нұр-мүбарак» университетінің профессор-оқытушылар құрамы Илимбаев Ризабек, Сабдин Асқар, Стамбакиев Нұржан және т.б. ұстаздар сабақ өтетін болады.

Курсқа қатысқан теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандардың және білім деңгейі көтерілгендігін нақты анықтайтын белгілер мен көрсеткіштері көрсетілген және өткізілген курстың сапасын бағалау үшін тапсырыс берушімен алдын-ала келісілген екі сынақ жасалынады (1 сынақ курсты өтпей тұрып, 2 сынақ курсты аяқтағаннан кейін).

Курсты тыңдаушылардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру мақсатында жазбаша және электрондық форматтағы ақпараттық және таратылатын материалдармен (буклет, кітаптар, анықтамалар, әдістемелік құралдар, бейне және аудио материалдар және т.б.) қамтамасыз етілуде.

Тыңдаушылардың біліктілігін арттыру курстарында тыңдаған сағат санын және пәндердің атаулары көрсетілген құжаттармен қамтамасыз ету.

Курсқа қатысушы дінтанушылардың барлық шығындары (жол ақысы, 3 мезгіл тамақтану және жататын орын) ұйымдастырушылар тарапынан толық төленеді.

Курс қорытындысы бойынша курсты толық аяқтаған дінтанушыларға сертификаттар табыс етіледі.

Бүгінгі таңда курс Атырау қаласынан бөлек Алматы және Астана қалаларында да өткізілуде. Жалпы республика көлемінде курс барысында 3 қалада 190 діни қызметшінің біліктілігін арттыру көзделген.

Курс Атырау қаласы «Рауан» қонақүйінде өткізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.