ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА

Барған сайыстардан бас жүлдесіз қайтпайтын Жаңатас қалалық балалар өнер мектебі биік шыңдарды бағындыруда жемісті еңбек етуде. Ауданымыздың абыройын арттырып, мәртебесін биіктеткен аталмыш ұжым талай балаларды тәрбиелеп, жетістіктерге жетуіне сүбелі үлес қосып келеді.
Жақында Атырау қаласынан ақжолтай хабар келді. Өнердің талай шыңына өрмелеп шығып келе жатқан аталмыш ұжым Атырау қаласында өткен композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, сазгер Мәкәлім Қойшыбаевтың 100 жылдығына арналған жас орындаушылардың I Республикалық «Өмір гүлі» байқауында «Оркестр» номинациясы бойынша жоғары орындаушылық шебері үшін «Ықылас Дүкенұлы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі» жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені иеленді.
Атап айтсақ, «Қобыз» номинациясы бойынша кіші топ Ануарбек Томирис 3 — орын, орта топ Мектепберген Айбарша 1 — орын, Рыскелді Ақбаян 2 — орын, Медет Рабиябегім 3 — орын, Домбыра номинациясы бойынша орта топ Нарбай Мансұр 1- орын иеленіп, топ жарды. Сонымен қатар, аталмыш сайысқа қатысқан Саудакент саз мектебінің өнерпаздары да «Оркестр» номинациясы бойынша 2 — ші орынды жеңіп алды. Бәсі биік байқауда бас жүлдені иеленген Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің директоры Нұрлан Байділдаевтың шәкірттері ұстаздың еңбегін ақтап, жеңісті жорықты жалғастыруда. Сондай-ақ, Саудакент саз мектебі де талай жүлделі жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп келеді. Ендеше, ауданымыздың мақтаныштарының алар асуы алда болсын дейміз.
Comments (0)
Add Comment