Журналист Дәулет Ізтілеуов мезгілсіз өмірден өтті

Сурет: Kazinform
Журналист Дәулет Ізтілеуов мезгілсіз өмірден өтті: 12 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Журналист Дәулет Ізтілеуов бірнеше айға созылған сырқаттан қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Оны әріптестері білікті, жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол, өз принциптеріне адал журналист ретінде білетін. Дәулет Ізтілеуов мінезі жайдары, айналасына жанашыр, ақкөңіл жан еді. Ортақ іске бел шешіп кірісетін елгезек әріптес ретінде ортасына сыйлы болды. Қадірлі әріптесіміздің отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», — деп жазылған Kazinform таратқан хабарламада.

Дәулет Ізтілеуов 1984 жылы 31 шілдеде Қызылорда облысы Қазалы ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын (2008-2013 ж.ж.) Астана қаласындағы Өмірлік негізгі мектебінде тарих және құқық пәндерінің мұғалімі болып бастады.

2013-2016 ж.ж. – Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейінде мұғалім болды.

2016-2018 ж.ж. – Астана қаласы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап журналистикаға бет бұрып, 2018 жылға дейін «Қазконтент» акционерлік қоғамының «Қазақстан тарихы» порталында тілші болды.

2019-2020 ж.ж. – Астана қаласының «Елорда-Ақпарат» ЖШС-де журналист болып еңбек етті.

25.02.2020-31.05.2020 – ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

2021 жылдың маусым айынан бүгінге дейін Kazinform халықаралық агенттігінің Астанадағы бас кеңсесінде тілші болды.

Тэгтер:
Comments (0)
Add Comment