«Жер сағаты»: Астанада қай нысандар акцияға қатысады?

Бүгін әлем бойынша дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық экологиялық «Жер сағаты» акциясы өтеді. Акция аясында сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы, электр құрылғылары бір сағатқа өшіріледі.
Елорда әкімдігі акцияға қатысатын нысандар тізімін жариялады. Олардың қатарында Астана қаласының әкімдігі, «Бәйтерек»монументі, «Қазақ елі» алаңы, ҚР Ұлттық музейі, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы секілді ғимараттар бар.
Comments (0)
Add Comment