Желдің салдары жойылуда

Сарысу ауданы Жаңатас қаласында екпіні секундына 32 метрге дейін жеткен қатты желдің салдарынан бірқатар нысанға зақым келді.

Атап айтқанда:

№1 шағынаудандағы №32, 33, 34, 35 тұрғын үйлердің;
№3 шағы аудандағы №6 тұрғын үйдің;
№4 шағынаудандағы №15 және №15 «а» тұрғын үйлердің шатырлары жартылай ұшқан.
Сонымен қатар Бейбітшілік көшесінде орналасқан ту тұғыры құлап, аудан аумағында электр жарығы уақытша сөнген.

Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Оқиғаға байланысты аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, зерделеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында.

Жамбыл облысының әкімдігі

Comments (0)
Add Comment