Жеке құрам «Қамал» дабыл белгісі бойынша көтерілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде «Қамал» дабыл белгісі көтерілді. Осыған орай мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Нұрсұлтан Каипов қызметкерлердің сырт көріністері, нысанды киім мен шаш үлгісінің талапқа сай болуын тексерді. Сондай-ақ сапқа тұру барысында олардың қызметтік куәліктерінің атағы мен лауазымына сәйкестігі қаралып шықты. Сонымен қатар қызметкерлердің дабыл сөмкелерінің толықтай жабдықталуына мән беріліп, жіті қадағаланды.

– Бүгінгі жеке құрамның төтенше жағдай кезіндегі дабыл сөмкелерін тексеру барысында олардың ережеге сәйкес дайын екені анықталды. Олардың сыртқы көріністері де белгіленген талаптарға сай болды. Дабыл белгісі бойынша жиналғандардың келуі жүз пайызды құрады. Жоспарға сай өткізілген мұндай дайындық жұмыстары жеке құрамның қызметіне деген жауапкершілігін арттырып, жауынгерлік намысын оятқаны анық, – деп баға берді мекеме бастығының орынбасары Н.Каипов.

Comments (0)
Add Comment