Бүгін облыс орталығы Тараз қаласындағы «Жастар» стадионы жаңартылып, қайта пайдалануға берілді.
Ауқымды жөндеу жұмыстарынан өткен спорт нысаны заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылып, қала тұрғындары мен жастар игілігіне ұсынылды.
Енді стадион бұқаралық спортты дамытуға, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.
Бұл — өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.
Жаңартылған стадион талай жас спортшының жаңа жетістіктерге жетуіне жол ашатыны сөзсіз.
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары