Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Жамбыл облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.Профилактикалық рейдтер барысында полиция қызметкерлері 1815 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Оның ішінде ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаудың 176 жағдайы белгілі болды, 1475 ата-ана кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және кафе-барларда болғаны үшін жауапқа тартылды.

Тексерумен қамту жұмыстары кезінде 48 қолайсыз отбасы мен 75 жасөспірім профилактикалық есепке қойылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатудың 16 дерегі анықталды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген кәсіпкерлер тарапынан жасалынған 33 бұзушылық дерегі анықталды. Мәселен, қала дүкендерінің бірінде сатушы кәмелетке толмаған жасөспірімге темекі өнімдерін сатқан.

Полиция департаменті азаматтарды кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және  балалармен тиісінше қарым-қатынас жасамау  деректеріне уақытылы ден қойып, тиісінше хабарлау қажеттігі туралы ескертеді.

Comments (0)
Add Comment