Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу аса маңызды

Меркі аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында №17 ЖББМГ оқушыларымен «Заң және тәртіп» қағидасы аясында «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға қатысқан қонақтар Меркі ауданы пробация қызметінің бөлім бастығы әділет майоры Самбетова Арайлым Шашубайқызы, Меркі аудан әкімдігінің апаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің басшысы Культаев Бақытжан Тоқтарбекович және Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директор орынбасары Буркітбаева Айман Жойқынбекқызы.

Comments (0)
Add Comment