ЖАС КӨШБАСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Белгілі дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Жазушы Сағындық Ордабековтың 75 жасқа толуына орай, кездесу легі М.Әуезов атындағы мектеп — гимназиясында жалғасты.
Жас көшбасшылармен өткен жиында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы жастар арасында ауднымыздың көрнекті тұлғаларын біліп, әркез мақтанып жүрудің маңыздылығына тоқталды. Мұнан соң қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы, медицина саласының ардагері Сағынбек Бегеев мерейтой иесіне жылы лебізін арнады.
Жастар өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қызықты сұхбат жүргізді. Шара барысында Сағындық Ордабеков жастарға әрдайым қай салада болмасын жауапкершілікпен қарап, еліміздің дамуына үлес қоса беруін тіледі. Кездесу соңында Жазушы оқушыларға кітабын тарту етті.
Comments (0)
Add Comment