Жәнібек Әлімханұлы Астанадағы жекпе-жегінен соң күтпеген мәлімдеме жасады

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO және IBF нұсқасы бойынша чемпион атағын сәтті қорғағаннан кейінгі сезімімен бөлісті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

— Бүкіл қазақ елін жеңісімен құттықтаймын! Осы кеште мені қолдағандардың барлығына алғысымды білдіремін. Алдымда үлкен жауапкершілік болды, өйткені жекпе-жек туған жерімде, Астанада өтті. Біз көрермендерге керемет жекпе-жек көрсеткіміз келді. Міне, сіздер бұл оқиғаның куәсі болдыңыздар. Барлығына тағы да алғыс айтамын, — деді Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейін.

Оның менеджері Берік Сұлтанның сөзінше, бұл жеңіс тек команданың ғана емес, барлық қазақстандықтың, сондай-ақ Qazaq Style жанкүйерлерінің жетістігі екенін айтты.

— Бұл — тарихи сәт. Біз екі чемпиондық титулды қорғадық, енді біздің мақсатымыз — барлық төрт белдікті алу. Біз осы бағытта жүреміз. Тұрақты түрде қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына, сондай-ақ Спорт және туризм министрі Ербол ағаға (Мырзабосынов — ред.), Кеңес Рақышевке рахмет. Бұл бүкіл қазақ халқының жеңісі, — деді ол.

https://turkystan.kz/article/258312-zanibek-alimxanuly-astanadagy-zekpe-zeginen-son-kutpegen-malimdeme-zasady

Comments (0)
Add Comment