Жамбыл облысында «DIRECTOR’S CUP» облыстық дебат турнирі өтті

2025 жылғы 28 мамыр күні Тараз қаласындағы №66 орта мектебі базасында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен III облыстық «DIRECTOR’S CUP» дебат турнирі жоғары деңгейде өткізілді.
Турнирдің басты мақсаты – еліміздің жаһандану кезеңіндегі даму үдерістерін ескере отырып, мектеп басшыларының көшбасшылық қабілетін, зияткерлік әлеуетін жан-жақты дамыту, басқарушылық идеяларын, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз көзқарасы мен ұстанымын еркін жеткізе алатын директорлар ортасын қалыптастыру болды.
Аудандық/қалалық кезеңдерге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының мектеп директорларынан құралған 40 команда қатысып, 10 үздік команда облыстық кезеңге жолдама алды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары:
І орын – Мойынқұм ауданы
ІІ орын – Жуалы ауданы
ІІІ орын – Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы
Турнир жеңімпаздары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Comments (0)
Add Comment