Қазақстанда әділетті қоғам қалыптастыру – басты басымдықтардың бірі. Осы бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адал әрі жауапты азамат тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту ісі білім беру ұйымдарынан бастау алуда.
Мұнан соң аудан прокуроры Елдос Әмірхан «Жас прокурор», аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Оразбайұлы «Жас сарбаз», ауданы төтенге жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Қуаныш Тастыбаев «Жас құтқарушы» куәліктерін табыстады. Тәрбие алаңына айналған форумда облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Нәзима Жұбандықова мен аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов та сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.