Тараз қаласында облыс тұрғындары арасында «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» қағидаты аясында кең көлемді велошеру ұйымдастырылды.
Шараның ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, шараға қатысушыларға ізгі лебізін білдірді.
Іс-шараның басты мақсаты азаматтардың заңға және қоғамдық тәртіпке деген құрметін арттыру, сондай-ақ тұрғындарды дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына баулу болды.
Велошеру таңғы сағат 09:00-де Тараз қаласындағы «Достық» орталық алаңынан басталып, «Қазақ хандығы» монументіне дейін жалғасты. Маршрут бойында қатысушыларға қолдау көрсетіліп, ұйымдастырушылар тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалады.
Жалпы жарысқа қатысушылар 40 жасқа дейінгі және 40 жастан жоғары екі санатқа бөлінді.
Жарыстың жеңімпаздары жүлдегерлері:
40 жастан жоғары (Ерлер):
І орын – М.Мазгутов;
ІІ орын –Н.Иманалиев;
III орын – Е.Елеусізов;
IV орын –А.Жабаев;
V орын – А.Сапаргалиев.
40 жасқа дейінгі (Ерлер):
І орын – Р.Алиев
II орын – С.Ахмет;
III орын – Е.Буринков;
IV орын – А. Ермаков;
V орын М.Кириленко.
40 жасқа дейінгі (Әйелдер):
Марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен Алғыс хаттарды табыстады.
Велошеруге жалпы саны 300-ден астам спорт сүйер адам қатысты.