Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесіне ҚР Азаптаудың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігі Жамбыл облысы бойынша қатысушысы Дмитрий Халидов мекемедегі сотталғандарды сұрақтармен қабылдады. Қабылдау барысында сотталған азаматтардың мекемеде кездесетін бірқатар мәселелері талқыланып, құқықтары түсіндіріліп, заңгерлік көмек көрсетілді.
Д.Халидовтың түзеу мекемесіне келудің мақсаты — сотталғандардың жағдайларын бақылау және олардың құқықтарының сақталуын қадағалау.