Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының директоры Нұрлан Сұлтанов Қарасу» (5) шағын ауданы №20 үйдің тұрғындарымен кездесті.
Жиын барысында бүгінгі күні ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңына енген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекке қою және бөлу “Отбасы банк”АҚ құзыретіне кіретіні жеткізілді. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегі және келісім-шартты мерзімсіз кезеңге дейін ұзарту бойынша қойылған сауалдарға қолданыстағы заң аясында нақты жауаптар берілді.
Сонымен қатар қала әкімі тарапынан қазіргі таңда «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй кезегіне қою бойынша түгендеу (инвентризация) жұмыстарын жүргізіп жатқаны да жан-жақты түсіндірілді.