ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында жер мәселесі, футбол алаңы, жол жөндеу жұмыстары, Асқаров көшесінде орналасқан балаларды дамыту орталығы мен Асқаров көшесі, №4 үй арасындағы тұйық көшенің жолын жөндеу, тал
кесу және кесілген бұтақтарды жинау, қоқыс жәшігі, қоғамдық көлік жүргізушілерінің әрекеттері, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық көлікте тегін жүруі және әлеуметтік көмек мәселесі туралы, көше жарығы, абонеттік электр энергиясы, қаңғыбас иттер мәселесі, осал топтағы отбасыға газ тарту мәселелері көтерілді.
Бақытжан Әмірбекұлы тұрғындардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.
Айта кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.
Comments (0)
Add Comment