Бүгін Ақтау қаласында «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында өңірлік семинарға қатыстым.
Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, тұрғын үй-коммуналдық саладағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерді атап өтті.
Семинар барысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, ОСИ және КСК қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Маңызды нәтижелердің бірі – әкімдік, партия және ОСИ, КСК қауымдастығы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы. Құжат аясында тұрғын үйлерді жөндеу, аулаларды абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.
Семинардың екінші бөлігінде ОСИ және КСК төрағаларына арналған оқыту тренингі ұйымдастырылды. Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар өзекті мәселелер бойынша нақты жауаптар алып, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, семинар аясында бірқатар азаматтар партия қатарына салтанатты түрде қабылданды. ОСИ және КСК-ның белсенді өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.
«TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, нақты мәселелерді жүйелі шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.