Тергеудегі азаматқа тыйым салынған заттар өткізбек болған

Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелердегі туысқандары мен жақындарына сәлемдеме әкелушілер үшін тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасағандарға қолданылатын жаза жайлы жазбаша ескертпелер көрнекі жерде ілініп тұрады. Соған қарамастан, сотталғандар мен тергеудегі азаматтарға тыйым салынған заттарды жасырын түрде өткізуге тырысатындар көптеп кездеседі.
Соның бірі 2026 жылдың 28 шілдеде сағат 10:30 шамасында жедел ақпарат бойынша №67 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдап алу бөлмесінің жауапты қызметкерлері сотталғандарға азық-түлік өнімдерін қабылдау кезінде азамат Д-дан тыйым салынған заттарды тауып алған. Атап айтқанда 1 (бір) дана ұялы телефон табылды, 1 (бір)дана қуаттағыш, 1 (бір) дана құлақ қап, Wi-fi роутер 1 (бір) дана табылып тәркіленді. Нәтижесінде ұсталған Д есімді азаматқа Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы қылмыстық кодекстің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, барлық құжаттар сотқа жіберілді. Аталған фактілер бойынша мекеме басшылығы күнделікті түрде жеке құрамға нұсқаулық жүргізіп және келуші азаматтарға құқтарын тұрақты түрде түсіндіреді.

Comments (0)
Add Comment