Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланды

Әлеуметтік желіден

Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланды: 18 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Теңіз кен орнындағы электр генераторларында екі өрт болды. Бұл ақпаратты «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі растады.

Нақтырақ айтқанда, төтенше жағдай Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытының аумағында тіркелген.

– Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. ТШО-ның өндірістік қызметі тоқтаусыз, қалыпты режимде жалғасып жатыр. Қызметкерлердің қауіпсіздігі ТШО үшін басты басымдық болып қала береді. Компания оқиғаның түпкі себептерін белгіленген тәртіпке сәйкес анықтап жатыр. Бұдан басқа, ТШО өз операциялық қызметінің жекелеген мәселелері бойынша пікір білдірмейді, — деп мәлімдеді ТШО.

Жалпы эвакуацияланған жұмысшылардың саны 450-ден асады.

Осы жағдайға байланысты Қазмұнайгаз компаниясының таратқан ақпаратына сүйенсек, алдымен кен орнындағы ГТЭС-4 нысанында GT-9.3 турбинасының трансформаторы, кейін ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.5 трансформаторы қызыл жалынға оранған.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274702-teniz-ken-ornynda-ort-bolyp-450-den-asa-zumyssy-evakuaciialandy

Comments (0)
Add Comment