Театр актерлары жазасын өтеушілерге қойылым ұсынды

А.Тоқпанов атындағы академиялық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №25 мекемесіне арнайы келді. Жазасын өтеушілерге рухани-мәдени қолдау көрсетуді мақсат еткен актерлық труппа көрермендерге «Сыр мен сезім» поэтикалық композициясын ұсынды.

Шараның басты мақсаты – сотталған азаматтардың мәдени көзқарасын қалыптастыру, рухани жаңғыруына ықпал ету және қоғамға қайта бейімделуіне жол ашу. Театр әртістері көрермендерге әсерлі қойылым үзінділерін, патриоттық әндер мен музыкалық композициялар орындап, қатысушылардың зор алғысына ие болды.

Мекеме әкімшілігі мен жазасын өтеушілер атынан театр ұжымына алғыс айтылып, мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор екені атап өтілді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті осындай мәдени іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлап отыр.

Comments (0)
Add Comment