«Таза жүрек» облыстық денсаулық керуені жолға шықты

Тараз қаласы мен аудан тұрғындарының денсаулықтарын тексеріп, қажетті ем шараларын өткізу мақсатында  арнайы медициналық құралмен жабдықталған 7 денсаулық керуені жөнелтіліп, әр елді мекенде 1 күннен аялдайды. Аталған шара облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен Тараз қаласынан бастау алады. Сондай-ақ дәрігерлерге көлік құралдарын табыстап, елімізде жарияланған Төтенше жағдайлар кезінде халық игілігі үшін жасап жатқан ерен еңбектерін ескеріп «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталады.

Медицина саласын қаржылдандыру, мекемелерді заманауи тұрғыда жабдықтау назардан тыс қалған емес. Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасынан
7 медициналық жедел жәрдем автокөліктері шалғай аудандарға жол тартады.

Жамбыл облысы бойынша «СОVID-19» індетімен күрес үшін жалпы, 4  885,1 млн. теңге:

Жергілікті бюджет есебінен — 1 985,8 млн. теңге бөлінді;

Республикалық резерв есебінен — 1 053,3 млн. теңге бөлінді;

Жергілікті резерв есебінен — 1 845,9 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа екі инфекциялық стационарды (Т.Рысқұлов ауданындағы ескі туберкулезге қарсы диспансерінің және қалалық перинаталдық орталығының ғимараттарын) 218,4 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

4 медициналық ұйымға оттегі станциялары, 3 дана компютерлік тамограф, 4 дана цифрлы, 2 дана жылжымалы рентген аппараттары, 2 дана ЭКМО аппараты орнатылып және 250 дана көпфункционалды, 50 дана раенимациялық төсектер сатып алынды. Одан басқа 25 дана портативті 53 дана өкпені жасанды желдеду аппараттары алынды.

Бүгінгі күнге 65 медициналық жедел жәрдем автокөліктері Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына сатып алынды.

Денсаулық керуенін Волонтер жылы аясында «Саулық» жалпыұлттық жобасын іске асыру мақсатында «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының» қолдауымен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастыруда.

Денсаулық керуені мобильді тобының құрамы тәжірибелі кардилогтар мен волонтерлардан тұрады (Тараз қаласы мен 10 ауданға 1 кардиолог пен медициналық мамандықта білім алушы 3 волонтер жас, барлығы  11 кардиолог, 33 волонтер). 10 ауданға  арнайы жабдықталған 11 денсаулық керуені жөнелтіледі.

Мобильді топ мүшелері арнайы құрылғымен жабдықталған көліктермен Тараз қаласы мен аудандарға жолға шығады. Топ өз қызметі шеңберінде елді мекендердегі жүректері ауыратын адамдарды анықтайды. Скринингтік тексеруді ұйымдастырады.

Сонымен қатар, сауалнамалар жүргізіп және таратпа материалдарды (брошюра, ақпараттық стендтер т.с.с.) үлестіреді.

Денсаулық керуені әр ауданда 1 ауылда – 1 күннен сағ. 10.00-18.00 аралығында аудан орталығында және ауданға қарасты үш ауылдық округ орталығында өтеді.

Comments (0)
Add Comment