Айталық, ағымдағы жылы қалада жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 11 жоба бойынша жаяу жүргіншілер жолы салынды. Оның ішінде ұзындығы 8,7 шақырымды құрайтын 9 жоба бойынша орташа жөндеу және ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 2 жоба бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Осылайша, Жүргенов, Братская, Иманалиев, Желтоқсан (Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейін), Сәтпаев, Қосанов, Сәрсенбаев, Саңырақ батыр, Шостакович, Жамбыл – Төле би көшелерінің қиылысы, №45 мектеп және №45 балабақша маңы, №7 және 9 ықшамаудандардағы мектеп пен балабақшаларға баратын және Б.Момышұлы көшесі, 4-бұрылысының тұрғындары жаяу жүргіншілер жолының игілігін сезінуде.