Таразым көріктей берсін

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Сіздерді тарихымыздың темір қазығына айналған Таразымыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тараз — Ұлы Жібек жолының бойында, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің орталығы болған көне қала. Оның терең тарихы — Әулиеата халқының және Қазақ елінің мақтанышы деп санаймын. Тараз егемен елімізбен бірге дамуда. Осы уақыт аралығында әлеуетіміз артып, экономикамыз өрістеп, мәдени, рухани байлығымыз кемелденіп, қала келбеті көркеюде. Бұл жетістіктерде әрбіріңіздің үлесіңіз бар! Қаланың даму жолындағы әрқайсысыңыздың елеулі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Оған себеп жыл сайын жаңа шағын аудандар, көрікті зәулім ғимараттар салынып, заманауи талаптарға сай инфрақұрылым жұмыстарыда жүргізілуде. Екі мың жылдық тарихы бар қаламыз сындарлы шақтардан өтіп бүгінде еліміздің шоқтығы биік қаласына айналатына сенемін.
Қала күні – барша тараздықтардың ортақ мерекесі! Сіздерге денсаулық, әрбіріңіздің шаңырағыңызға ырыс-ынтымақ тілеймін! Барлық игі бастамаларыңыз табысқа, жаңа биіктер мен шығармашылық жетістіктерге жол ашсын! Қаламыз жаңарып, жасарып, сәні мен салтанатына сай көркейе берсін! Тараздың гүлденуі – сіздермен біздердің патриоттық сезімізге байланысты. Туған жерге жанашырлықпен қарап, қамқорлық таныту – перзенттік парызымыз. Таразым көріктей берсін, еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!
Құрметпен Тараз қаласының құрметті азаматы — Балабек Жанбекұлы!
Comments (0)
Add Comment