Таразда үш бірдей кітапхана жаңғыртылды

Тараз қаласындағы Сұлутөр, Шайқорық және Қоңыртөбе алаптарында орналасқан кітапханаларда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жөндеу барысында ғимараттардың шатыры мен ішкі келбеті жаңартылып, оқырмандарға қолайлы әрі заманауи жағдай жасалды. Кітапханаларда арнайы оқу залдары мен «Коворкинг» білім беру орталықтары жұмыс істейді. Сонымен қатар келушілерге тегін интернет қызметі қолжетімді.
Жаңартылған кітапханаларда оқырмандардың қызығушылығын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Виртуалды анықтамалық қызмет», «Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту», «Жастар – кітап әлемінде», «Жазғы оқу залы», «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау», «Кітап оқы, талқыла, суретте» және «Жаңа кітаптарға – жарқын жол» жобалары тұрақты түрде ұйымдастырылады.
«Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобасы аясында жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары келісімшарт негізінде цифрланып, электронды форматқа енгізілуде. Ал «Жаңа кітаптарға – жарқын жол» жобасы арқылы өңірге жаңадан түскен кітаптар жергілікті «Jambyl» телеарнасы арқылы көпшілікке таныстырылады.
Жаңартылған кітапханалар – тұрғындардың білімін жетілдіруге, бос уақытын тиімді өткізуге және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға арналған заманауи мәдени-рухани орталыққа айналмақ.
Comments (0)
Add Comment