Тараз қаласында «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде медициналық-әлеуметтік мекемелерге мониторинг жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мәслихат депутаттары мен облыстық басқарма өкілдері қатысты.
Зерделеу жұмыстары «Социум» ақпараттық жүйесі арқылы ұйымдастырылып, бірқатар өзекті мәселелер анықталды. Атап айтқанда:
— көмекші қызметкерлердің еңбекақысының төмендігі;
— демалыс күндері үшін қосымша төлемнің болмауы;
— мүгедектігі бар азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасуына жағдай жасалмауы;
— шалғай елді мекендерден қалаға емделуге келетіндер үшін жол шығынының ауыртпалығы;
— әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіздігі (пандустар, арнайы жолақтар және т.б.).
Мониторинг нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.
«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да әлеуметтік мекемелердің жұмысын тұрақты бақылауда ұстап, ардагерлер мен қарт азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған шараларды жалғастырады.