Таразда әзірге тек 3 ХҚКО жұмыс істейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы 12 маусымнан бастап Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232 мекенжайында орналасқан Жібек жолы ауданының №2 халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Бөлім жұмысының уақытша тоқтатылуы Абай даңғылы бойындағы теміржол желісінің үстінен автомобильдер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпір мен жолайрық салу кезеңінде азаматтар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Аталған ХҚКО қызметкерлері уақытша басқа халыққа қызмет көрсету орталықтарына бөлінеді.

Осы бөлімде бұрын қабылданған өтініштер бойынша дайын құжаттарды беру Төле би көшесі, 89 Г мекенжайында орналасқан Әулиеата ауданының №1 ХҚКО-сында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, қаладағы қалған үш халыққа қызмет көрсету орталығы штаттық режимде жұмысын жалғастырады:

  • Әулиеата ауданының №1 ХҚКО-сы – Төле би көшесі, 89 «Г»;
  • Әулиеата ауданының №2 ХҚКО-сы – «Ұлы дала» шағынауданы, 137;
  • Жібек жолы ауданының №1 ХҚКО-сы – «Алатау» шағынауданы, 16А.
Comments (0)
Add Comment