Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындардың сұрақтарын тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғындар балалар ойын алаңындағы аяқталмаған жұмыстарды аяқтау, бейнебақылау камераларын орнату мәселесі, ғимараттың қасбетін қаптау (әрлеу), ағаштарды кесуге қатысты мәселе, магистральдық су құбырын реттеу және асфальт төселгеннен кейін трансформатор маңында пайда болған су ағуын жою, тұрғын үй және жер кезегі жөнінде сұрақтарын жолдады.
Кездесуге келген қала тұрғыны тозығы жеткен ауызсу құбырын ауыстыру бойынша мәселе көтерді. Сонымен қатар, балалар ойын алаңы және футбол алаңшасын салу, №9 қоғамдық көліктің жүру бағытына өзгеріс енгізу, қоқыс контейнерлерінің орналасуы және оларды тасымалдаутуралы сауалдар қойылды.
Сондай-ақ алқаптарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды асфальттау, қоқыс жинау алаңын белгілеу, аулаға кіреберіс жолды кеңейту және арық жүйесін ретке келтіру, автотұрақ ұйымдастыру, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жуық арада жүргізу бойынша мәселелер көтерді.
Қабылдау қорытындысында қала әкімі көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Comments (0)
Add Comment