Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Тараз қаласында «Дабыл-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты — террористік сипаттағы түрлі қауіптердің жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.

Жаттығулар әртүрлі қиындық элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын. Оқу-жаттығу аясында халықтың және көлік құралдарының қозғалысын шектеу бойынша уақытша шаралар көзделген.

Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Comments (0)
Add Comment