Тапсырма талабы – нәтиже

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
 Жиында Әулиеата және Жібек жолы аудандарында атқарылған жұмыстардың барысы қаралды.
 Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төрехановтың айтуынша, ағымдағы жылы аталмыш ауданда бюджет есебінен 48 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар жылу желілерін жаңғырту, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Биыл Жібек жолы ауданына қарасты “Құмшағал” алқабында мәдениет үйі, одан бөлек 6 жаңа кіші футбол алаңшасы және 3 балалар ойын алаңы салынып, қолданысқа берілді.
Келер жылы Жібек жолы ауданында 18 балалар ойын алаңы, 10 воркаут, 8 футбол алаңшасы, 2 саябақ құрылысына бюджеттік өтінім берілген.
Сонымен қатар кеңестің күн тәртібіне сәйкес 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен Тараз қаласы бюджетінің болжамды орындалуы, қала әкімдігі бөлімдерінің әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдарды жариялауы, балалардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, Отбасын қолдау орталығының жұмысы, жолдарды жөндеу секілді маңызды мәселелер жан-жақты қаралды.
Қала әкімі өз кезегінде әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғалардан есеп алып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Comments (0)
Add Comment