Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады

25 шілдеде тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініш қабылдау басталып, 5 тамызға дейін жалғасады. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.
Тамыз ҰБТ-сы жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін тестілеуді қайта тапсыруға ниетті талапкерлерге арналған. Алдыңғы ҰБТ-ларда шекті балл жинай алмаған талапкерлерге тестілеуден қайта өту мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар алдыңғы ҰБТ-ларға қатысқан талапкерлер тамыз ҰБТ-сына өтініш беру кезінде бейіндік пәндер комбинациясын өзгерте алады.
Comments (0)
Add Comment