Жамбыл облысы Полиция департаментінде Тәлімгерлердің жұмыс отырысы өтті.
Іс-шара барысында тәлімгерлермен өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылауға дайындық барысы қаралды.
Тәлімгерлер Жеке құраммен жұмыс басқармасының алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарымен танысып, іс-шаралар бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, тәлімгерлік жұмысты одан әрі жетілдіру жолдарын ортаға салды.
Кездесу нәтижесінде тәлімгерлік институттың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар белгіленіп, алдағы кезеңге арналған бірлескен жұмыс бағыттары нақтыланды.