Түрмеге телефон алып кірмек болған

Түрме аумағына тыйым салынған заттарды жасырын әкелу әрекеттері тыйылар емес. Бугін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің ішкі аймағына жеке кәсіпкердің ағаш бұйымдарын кіргізбек болған “Газель” жүккөлігін мекеменің тексеру тобы мен 5513 әскери бөлімі қызметкерлері тексеру барысында темір сандық бөренесінің астынан жасырын түрде жабыстырылған “темір кабура” анықталды, оның ішінен 4 дана ұялы телефон, 1 дана роутер (Wi-Fi) және 2 сим карта табылды. Барлық табылған заттар жұмыс күйінде. Жүккөлігінің жүргізушісі бұрын сотты болмаған Тараз қаласының азаматы екені анықталды. Аталған факт Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне және Жамбыл облыстық прокуратурасына хабарланып, мекеменің ақпараттық есепке алу кітабында тіркелді.

Comments (0)
Add Comment