Сыртқы істер министрі Хорватия елшісін қабылдады

Сыртқы істер министрі Хорватия елшісін қабылдады: 6 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Хорватия Республикасының елшісі Рефик Шабановичті қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді, оның ішінде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ мәдениет және білім саласындағы өзара әрекеттестікті дамытуды талқылады.

Экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аударылды. Бұл өзара сауда көлемін және іскерлік байланыстарды арттырудың маңызды факторы ретінде қарастырылады.

Өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы іс-қимылды жалғастыруға дайындық расталып, биік және жоғары деңгейлердегі сапарларды дайындау мәселелерін қоса алғанда, 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін беретін Хорватия Премьер-министрінің Астанаға сапарын ұйымдастырудың маңыздылығы аталып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды диалогты жалғастыруға және жан-жақты өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттерін растады.

Comments (0)
Add Comment