Талас ауданында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шараға қатысқан «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту бағытында өз пікірін ортаға салды.
Осындай кездесулер қоғамда адалдық құндылықтарын дәріптеп, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға өз үлесін қосады.